Сыртқы USB құрылғыларын зарядтау
USB жалғағышының көмегімен мобильді телефон, MP3 плеері немесе планшет сияқты әртүрлі аккумуляторлық USB құрылғыларының аккумулятордан жұмыс істеу уақытын ұзартуға болады.
- Сыртқы USB құрылғыңызды USB жалғағышы арқылы зарядтау мүмкіндігінің бар болғанына көз жеткізіңіз. "Техникалық мәліметтер" тарауындағы деректерді ескеріңіз.
- USB құрылғыңыздың зарядтау кабелін USB портына (3) салыңыз.
- Белсендіру үшін қосу түймесін басыңыз.
Энергияны үнемдеу үшін, зарядтау процесі аяқталғаннан немесе зарядтау кабелі суырып алынғаннан кейін, USB жалғағышы 2 сағат ішінде автоматты түрде ажыратылады.