Пайдалану бойынша нұсқаулар
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
Әр жұмыс істеуден бұрын қауіпсіздік пен іске қосу құрылғыларының ақаусыз жұмыс істегенін және барлық бұрандалар мен гайкалардың берік бекітіліп тұрғанын тексеріңіз.
Бұзылған немесе дұрыс жұмыс істемеген электр құралын дереу электр желісінен ажыратып, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Электр құралында нұсқаулардан тыс өзгерістерді орындамаңыз. Іске қосу сақтандырғышы сияқты электр құралының бөлшектерін бөлшектемеңіз немесе бұғаттамаңыз.
Жарамсыз құралдармен ешқандай "төтенше жөндеу" жұмыстарын өткізбеңіз. Электр құралына жүйелі түрде және тиісінше техникалық қызмет көрсету керек.
Электр құралының, мысалы, төмендегі әрекеттер арқылы әлсізденуіне немесе зақымдалуына жол бермеңіз:
- соғу немесе ою,
- өндіруші рұқсат етпеген құрылымын өзгерту,
- болат сияқты қатты материалдан жасалған шаблондарда жүргізу,
- жерге құлату немесе жерде жылжыту,
- балға ретінде пайдалану,
- күш салып жұмыс істеудің кез келген әдісі.
Дайындама астында немесе артында не тұрғанын көріп алыңыз. Артыңызда адамдар тұрса, қабырға, төбе немесе еденге қапсырма атпаңыз. Қапсырмалар дайындаманы тесіп, әлдекімге жарақат тигізуі мүмкін.
Әлдеқашан қағылған қапсырмаға ешқандай қапсырма қақпаңыз. Бұл ретте қапсырма деформацияға ұшырап, қапсырмалар қысылуып қалуы мүмкін немесе электр құралы бақылаусыз жылжуы мүмкін.
Егер электр құралы суық қоршаған орта шарттарында қолданылатын болса, алғашқы қапсырмалар әдеттегіден баяу қағылады. Электр құралы жұмыс істеу арқылы жылығаннан кейін, қалыпты жұмыс жылдамдығында қайтадан жұмыс істеу мүмкін болады.
Соққыштың тозуын азайту үшін бос қағу әрекеттерін болдырмаңыз.
Ұзақ жұмыс үзілістерінде немесе жұмысты аяқтағаннан кейін аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз және қорапты мүмкіндігінше босатыңыз. Электр құралын, түйіспе элементі іске қосылмайтындай тегіс бетке қойыңыз.
Қапсырмалардың қағылу тереңдігін реттегіш дөңгелекпен (13) реттеуге болады.
- Қорапты (11) босатыңыз.
- Қапсырмалар тым терең қағылады: қағылу тереңдігін азайту үшін реттегіш дөңгелекті (13)
бағытымен бұраңыз.
- Қапсырмалар жеткілікті емес тереңдікте қағылады: қағылу тереңдігін арттыру үшін реттегіш дөңгелекті (13)
бағытымен бұраңыз.
Тереңдік шектегіші (12) дайындамаға толықтай орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Қорапты қайта жабдықтаңыз.
- Жаңа қағылу тереңдігін сынақ дайындамада тексеріңіз.
Қажет болса, жұмыс қадамдарын қайталаңыз.
Қапсырмалар итергіш каналда қысылуы мүмкін. Бұл мәселе жиі орын алса, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Іске қосу құрылғысын (4) жіберіңіз.
- Аккумуляторды (7) шығарып алыңыз.
- Қорапты ашуға арналған ажыратқышты (9) басыңыз.
- Электр құралын, қораптағы (11) қапсырма жолағы (15) сыртқа сырғып шығатындай айналдырыңыз. Қысылған қапсырмаларды алып тастаңыз. Ол үшін қажетінше қысқашты пайдаланыңыз.
- Қорапты (11) қайта толтырыңыз.
- Қорап қалқанын (10) қораптың басына қарай тірелгенше тартыңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін, әсіресе сатыны қолданған немесе әдеттегіден тыс дене қалпында жылжытқан кезде одан аккумуляторды шығарып алыңыз.
Электр құралын жұмыс орнына тек тұтқасынан (5) ұстап және іске қосу құрылғысын (4) іске қоспай тасымалдаңыз.
Электр құралын әрдайым аккумулятордан ажыратылған күйде және құрғақ, жылы жерде сақтаңыз.
Егер электр құралы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болмаса, құралдың болат бөлшектерін аздап майлаңыз. Бұл тот басудың алдын алады.