Қапсырма қаққыш құрылғыларға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Аспапта қапсырма барлығын ескеріңіз. Қапсырма соққышын абайламай пайдалану қапсырманың күтілмеген ұшуына және жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Аспапты өзіңізге немесе кез келген басқа адамға қаратпаңыз. Күтілмеген басылу қапсырманы босатып жарақаттануға алып келуі мүмкін.
- Аспапты дайындамаға қатты басқанда ғана істетіңіз. Егер аспап дайындамаға тимей тұрса, қапсырма нысанадан ұрылып ұшып кетуі мүмкін.
- Егер қапсырма аспап ішінде қысылса, аспапты тоқ көзінен ажыратыңыз. Қысылған қапсырманы алып тастауда қапсырма соққыш тоққа қосылғанда істеп кетуі мүмкін.
- Қысылған қапсырманы алып тастауда абайлаңыз. Механизмі қысым астында тұрып қапсырмалар қысылған күйден шығатын кезде күшпен босап кетуі мүмкін.
- Бұл қапсырма соққышты электр кабельдерді қысу үшін пайдаланбаңыз. Ол электр кабельдерді орнатуға арналмаған болып электр кабельдердің оқшаулауын зақымдауы мүмкін, бұл арқылы ол элеткр тоқ соғу немесе өрт пайда болуына алып келуі мүмкін.
- Қапсырма қаққыш машинаны қапсырмаларды салу немесе шығару, керек-жарақтарды баптау немесе өзгерту кезінде қуат көзінен ажыратыңыз. Қапсырма қаққыш машина қуат көзіне қосулы болса, кездейсоқ іске қосылып, нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Қапсырмаларды пайдалану кезінде, әсіресе салу және шығару барысында мұқият болыңыз. Қапсырмалардың жарақат алуға әкелуі мүмкін өткір ұштары бар.
- Бұл қапсырма қаққыш машинаны пайдаланбаған және бір пайдалану позициясынан басқасына жылжытқан жағдайда саусағыңызды іске қосу механизмінен алшақ ұстаңыз. Күтпеген іске қосылу қапсырманы босатып, жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Қапсырма жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді орындаған кезде қапсырма қаққыш машинаны оқшауланған ұстау беттерінен ұстаңыз. Егер қапсырма кернеу астындағы сымға тисе, қапсырма қаққыш машинаның ашық металл бөлшектері кернеу астына түсіп, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін.
- Қапсырма қаққыш машинаны пайдалану кезінде мықтап ұстаңыз. Қапсырма қаққыш машинаның басқарылмайтын кері соғуы кездейсоқ іске қосуға әкелуі мүмкін, нәтижесінде жарақат алуыңыз мүмкін.
- Қол-аяқ сияқты барлық дене мүшелерін құралдың қағу бағытынан алшақ ұстаңыз. Қапсырма дайындамаға, сондай-ақ оның артында тұрған кез келген затқа кіріп, нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Қапсырма қаққыш машинаны пайдалану кезінде дененің қол-аяқ сияқты барлық дене мүшелерін қапсырманың дайындамаға қағылатын аймағынан алшақ ұстаңыз. Қапсырма ауытқып, дайындамадан шығып кетуі мүмкін, нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.