Қолданысқа енгізу
- Ауызды (2), іске қосу сақтандырғышы (1) толықтай кіргенше, дайындамаға берік орнатыңыз.
Жұмыс шамы (3) қосылады. - Содан кейін іске қосу құрылғысын (4) қысқа уақыт басыңыз да, жіберіңіз.
Осылайша қапсырма қағылады. - Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын дайындамадан толықтай шығарып, оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
Оған қоса тағы бір қапсырманы шығару үшін іске қосу сақтандырғышын (1) басып тұруға және іске қосу құрылғысын (4) пайдалануға болады.
- Іске қосу құрылғысын (4) басып тұрыңыз.
Жұмыс шамы (3) қосылады. - Ауызды (2), іске қосу сақтандырғышы (1) толықтай кіргенше, дайындамаға берік орнатыңыз.
Осылайша қапсырма қағылады. - Қағу әрекетін жалғастыру үшін іске қосу құрылғысын (4) ары қарай басып тұрыңыз және электр құралын дайындамадан толықтай көтеріп алыңыз. Оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
Осылайша келесі қапсырма қағылады.
Нұсқау: электр құралын дайындамадан көтеріп алмас бұрын қапсырмалар толықтай қағылғанша күтіңіз.