Пайдалану нұсқаулары

Жылтырату

Жел қаққан лакты жылтырату немесе қырылған жерлерді (мысалы, акрилді шыны) қосымша жылтырату үшін электр құралын қой терісінен жасалған жылтыратқыш, жылтыратқыш тері немесе ысқыш (керек-жарақтар) сияқты тиісті жылтырату құралдарымен жабдықтауға болады.

Жылтырату кезінде бетті шамадан тыс қыздырмау үшін төмен айналу жылдамдығын таңдаңыз.

Политураны сәл кішірек жылтыратылатын бетке жағыңыз. Жылтыратқыш затты жарамды жылтырату құралымен айқыш-ұйқыш немесе айналма қозғалыстар арқылы және қатты күш қолданып өңдеңіз.

Жылтыратқыш заттың үстіңгі бетте қатып қалуына жол бермеңіз, әйтпесе үстіңгі бет зақымдалуы мүмкін. Жылтырату аймағын тікелей күн сәулелерінің астында қалдырмаңыз. Жақсы жылтырату нәтижелерін қамтамасыз ету үшін жылтырату құралдарын жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Жылтырату құралдарын жұмсақ жуғыш затпен және жылы сумен тазалаңыз, сұйылтқыштарды пайдаланбаңыз.