Іске қосу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін жарамдылығын тексеріңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралын қолданысқа енгізу үшін ажыратқышты (4) басыңыз.
Басылған ажыратқышты (4) бекіту үшін бекіткішті (3) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (4) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса, ажыратқышты (4) қысқаша басып, содан кейін жіберіңіз.
- Жылтыратқыш құралдарды пайдаланудан бұрын тексеріп шығыңыз. Жылтыратқыш құралдар тиісінше монтаждалуы және еркін айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Зақымдалған, домалақ емес немесе дірілдейтін жылтыратқыш құралдарды пайдаланбаңыз. Зақымдалған жылтыратқыш құралдар жарылып, жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (2) арқылы қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да реттеуге болады. Қажетті айналу жиілігін материал мен жұмыс істеу жағдайларына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Айналмалы реттегіш күйі | Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі (мин-1) |
---|---|
1 | 900 |
2 | 1500 |
3 | 2000 |
4 | 2500 |
5 | 3000 |
6 | 3800 |
- Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр құралында көрсетілген максималды айналымдар санына тең болуы керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.