Қолмен басқарылатын электр құралдарын көтерілген күйде пайдаланған жағдайларға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Электр құралын көтерілген күйде пайдаланған жағдайда құралды бекіту және керек-жарақ бойынша құрал өндірушісінің ұсыныстарына назар аударыңыз. Ұсынылмайтын бекіту әдістерін немесе керек-жарақты пайдалану нәтижесінде биіктен құлау қаупі ұлғайып, бұл айналадағылардың ауыр жарақат алуына әкелуі мүмкін.
- Электр құралын биікте пайдаланған жағдайда құралға бекіту аймағының жүккөтергіштігінен [кг (фунт)] асыруға әкеле алатын керек-жарақты орнатпаңыз. Құрал, аккумулятор, қондырмалар мен керек-жарақтың салмағы электр құралындағы құлаудан қорғаныс құрылғысның бекіту аймағының максималды жүккөтергіштігінен асып кетсе, электр құралы құлаған жағдайда істен шығып, бұл айналадағылардың ауыр жарақат алуына әкелуі мүмкін.