Ара төсемін орнату/ауыстыру
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
- Тегістеу шеңберлерін қондырма ретінде пайдаланбаңыз.
- Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Құралды алмастыру үшін электр құралын қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (4) басып, ұстап тұрыңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (4) ара шпинделі тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
- Алты қырлы дөңбек кілтпен (3) қысқыш бұранданы (23) ➋ айналу бағытымен бұрап шығарыңыз.
- Маятниктік қорғаныш қаптаманы (12) артқа қайырып, берік ұстап тұрыңыз.
- Қысқыш фланецті (22) және ара дискісін (21) ара шпинделінен (19) алыңыз.
Электр құралды қозғалтқыш корпусының бүйірлік жағына қойыңыз.
- Аралау дискісін (21) және барлық бекіту бөлшектерін тазалаңыз.
- Маятниктік қорғағыш қаптаманы (12) артқа тартып, берік ұстаңыз.
- Аралау дискісін (21) тірек фланеціне (20) орнатыңыз. Тістердің кесу бағыты (аралау дискісіндегі көрсеткінің бағыты) қорғағыш қаптамадағы (15) бағыт көрсеткісімен бірдей болуы керек.
- Қысқыш фланецті (22) орнатыңыз және қысқыш винтті (23) ➋ бағытында бұрап бекітіңіз. Қысқыш фланецтің (20) және тірек фланецтің (22) орнату күйі дұрыс болуын қадағалаңыз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін (4) басып, ұстап тұрыңыз.
- Алты қырлы дөңбек кілтпен (3) қысқыш винтті (23) ➋ бағытында бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–9 Нм құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼ айналымға сәйкес келеді.