Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Электр құралын қолданысқа енгізу үшін ажыратқышты (1) басыңыз.
GEX 12V-77: басылған ажыратқышты (1) бекіту үшін бекіткішті (8) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (1) жіберіңіз немесе ол бұғатталған болса (GEX 12V-77 құралы үшін), ажыратқышты (1) қысқаша басып, содан кейін жіберіңіз.
Жарық диодты индикаторлар
Келесі кестеде ықтимал жарық диодтары (4) сипатталған.
Түсі | Күйі | Мағынасы/себебі | Шешімі |
|---|---|---|---|
ақ | Үздіксіз жарық | Айналу жиілігін алдын ала таңдау | қараңыз Айналу жиілігін реттеу/тұрақты айналу жиілігін реттеу |
жасыл | Үздіксіз жарық | Аккумулятор зарядталған | |
сары | Үздіксіз жарық | Аккумулятор заряды таусылған дерлік қараңыз Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы | Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау |
Жыпылықтағыш жарық | Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор) | Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп суыту | |
қызыл | Үздіксіз жарық | Аккумулятор заряды таусылған қараңыз Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы | Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау |
Жыпылықтағыш жарық | Электр құралы қызып кетті және өшіп қалады | Электр құралын суытып, қайта қосу | |
Электр құралы бітелген және өшіп қалады | Кептелісті жойып, электр құралын қайта қосу | ||
Шпиндель бекіткіші іске қосулы және электр құралы өшіп қалады | Шпиндель бекіткішін ажыратып, электр құралын қайта қосу |