Таймерді орнату
Екі түйме (6) арқылы стандартты жылтырату уақытын орнатуға болады. Осы уақыттан кейін электр құралы автоматты түрде өшіп қалады. Реттеулер мәзірін ашу үшін ⊕ түймесін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ⊕ түймесін әрі қарай басып тұрып, дәл сол уақытта ⊖ түймесін кемінде 5 секунд басыңыз. Алдын ала сақталған реттеу қызылкүрең түспен жыпылықтайтын жарық диодтарының саны арқылы көрсетіледі. Енді стандартты жылтырату уақытын төмендегі кестеде көрсетілгендей реттеуге болады. Реттеуді жадқа сақтау үшін ⊕ және ⊖ түймелерін, жарық диодтары жыпылықтай тоқтағанша кемінде 5 секунд басыңыз.
Жарық диодтары | Секунд |
|---|---|
Жыпылықтайтын жарық 1 x қызылкүрең | 8 |
Жыпылықтайтын жарық 2 x қызылкүрең | 10 |
Жыпылықтайтын жарық 3 x қызылкүрең | 12 |
Жыпылықтайтын жарық 4 x қызылкүрең | 14 |
Жыпылықтайтын жарық 5 x қызылкүрең | 16 |
Стандартты жылтырату уақыты орнатылған болса, қалған соңғы 3 секундқа кері санақ басталады. Бұл кері санақ 5 жарық диодының жануы арқылы көрсетіледі де, олар соңан соң бірінен кейін бірі сөнеді, яғни электр құралы автоматты түрде өшіп қалғанша, 3 секунд ішінде 5-тен 1-ге дейін санақ жүргізіледі. Таңдалған стандартты жылтырату уақытын ажырату үшін реттеулер мәзіріндегі ортаңғы жарық диодын таңдап, реттеуді сипатталғандай сақтаңыз.