Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы шатыр жабу жұмыстарында, қаптау және тор орнату жұмыстарында және қабырға/төбе элементтерін орнатуда, ағаш фасадтарды, паллеттерді, ағаш қашаларды, шуылдан қорғау қабырғаларын және жәшіктерді жасауда біріктіру жұмыстарын өткізуге арналған.
Тек "Техникалық деректер" кестесінде белгіленген қағылатын заттарды (шеге, қапсырма және т.б.) пайдалануға болады.
Нұсқау: электр құралы металл немесе бетонға шеге қағуға арналмаған.
Тұғырда, сатыда немесе бақа платформада жұмыс істеген және жұмыс күйін ауыстыру қажет болған кезде, электр құралын автоматты кері қозғалыспен түйіспелі іске қосу режимінде пайдаланбаңыз. Бұл жағдайда тек резервтік реттілікпен бірмәртелі іске қосу режимін пайдаланыңыз.