Шегеқаққыш машинаның қауіпсіздік ескертулері
- Әрдайым шегеқаққыш машинада бекіткіш элементтер бар деп есептеңіз. Шегеқаққыш машинаны ұқыпсыз пайдалану бекіткіш элементтердің атылуына және жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Құралды бекіткіш элементтерді салу және шығару, құралды баптау немесе керек-жарақтарды ауыстыру кезінде қуат көзінен ажыратыңыз. Құрал қуат көзіне қосулы болған жағдайда кездейсоқ іске қосылып, жарақат тигізуі мүмкін.
- Бекіткіш элементтермен жұмыс істеген кезде, әсіресе оларды салған және шығарған кезде аса мұқият болыңыз. Бекіткіш элементтердің жарақат тигізуі мүмкін өткір ұштары бар.
- Шегеқаққыш машинаны өзіңізге немесе жаныңыздағы ешкімге қаратпаңыз. Күтпеген іске қосылу бекіткіш элементтің босатылуына және нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Шегеқаққыш машинаны пайдаланбаған және бір жұмыс позициясынан басқасына жылжытқан кезде саусағыңызды іске қосу механизмінен алшақ ұстаңыз. Күтпеген іске қосылу бекіткіш элементтің босатылуына және нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Бекіткіш элементтің жасырын сымдарға тию ықтималдығы бар әрекеттерді орындаған кезде шегеқаққыш машинаны оқшауланған арнайы беттерінен ұстаңыз. Егер бекіткіш элемент кернеу астындағы сымға тисе, шегеқаққыш машинаның ашық металл бөлшектері кернеу астына түсіп, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін.
- Шегеқаққыш машинаны пайдалану кезінде мықтап ұстаңыз. Шегеқаққыш машинаның басқарылмайтын кері соғуы кездейсоқ іске қосуға әкелуі мүмкін, нәтижесінде дене жарақатына әкеледі.
- Қол-аяқ сияқты барлық дене мүшелерін шегеқаққыш машинаның қағу бағытынан алшақ ұстаңыз. Бекіткіш элемент дайындамаға, сондай-ақ оның артында тұрған кез келген затқа кіріп, нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Шегеқаққыш машинаны пайдалану кезінде қол-аяқ сияқты барлық дене мүшелерін бекіткіш элемент дайындамаға қағылатын аймақтан алшақ ұстаңыз. Бекіткіш элемент ауытқып, дайындамадан шығып кетуі және нәтижесінде жарақат тигізуі мүмкін.
- Шегеқаққыш машина дайындамаға тұрақты орналастырылмаған болса, оны іске қоспаңыз. Шегеқаққыш машина дайындамаға тимей тұрса, бекіткіш элемент дайындамадан ығысып, жарақат тигізуі мүмкін.
- Бұл шегеқаққыш машинаны электрлік кабельдерді бекіту үшін пайдаланбаңыз. Ол электрлік кабельдерді монтаждауға арналмаған және электрлік кабельдердің оқшаулағышына зақым келтіруі мүмкін. Бұл ток соғу немесе өрт қаупін тудыруы мүмкін.
- Бекіткіш элемент шегеқаққыш машинаның ішінде қысылып қалса, машинаны қуат көзінен ажыратыңыз. Қысылып қалған бекіткіш элементті шығарып алу кезінде шегеқаққыш машина қуат көзіне қосулы болса, ол кездейсоқ іске қосылып, жарақат тигізуі мүмкін.
- Қысылып қалған бекіткіш элементті шығарып алу кезінде сақ болыңыз. Механизм қысым астында болуы мүмкін және бекіткіш элемент күшпен шығып кетіп, жарақат тигізуі мүмкін.
- Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Белгілер мен олардың мағынасы
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы | |
|---|---|
| Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін. |
| Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. |

