Аккумуляторды зарядтау

Аккумуляторды зарядтау үшін USB зарядтау ұясын зарядтау кабелі арқылы штепсельдік қуат блогына жалғаңыз. Штепсельдік қуат блогын розеткаға енгізіңіз.

Литий-иондық аккумуляторлар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес жартылай зарядтаулы күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін, оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

Зарядтау процесінің барысында электр құралының тұтқасы қызып кетеді. Бұл қалыпты жағдай болып табылады.

Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, зарядтағыш құрылғыны ток желісінен ажыратыңыз.

Электр құралын зарядтау кезінде пайдалануға болмайды және ол зарядтау кезінде жұмыс істемесе бұзылған болып табылмайды.