Айналу моментін алдын ала таңдау
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаның (4) көмегімен қажетті айналу моментін 7 қадам бойынша таңдауға болады. Реттелген айналу моментіне жеткенде, айналу тоқтап қалады.
1-қадам:
Шағын диаметрлі немесе жұмсақ дайындамадағы бұрандаларды бұрап кіргізуге арналған төменірек айналу моменті.
7-қадам:
Үлкен диаметрлі немесе қатты дайындамадағы бұрандаларды бұрап кіргізуге арналған жоғарырақ айналу моменті.