Айналу бағытын реттеу
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) электр құралының қозғалыссыз күйінде ғана пайдаланыңыз. Әйтпесе ол зақымдалуы мүмкін.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (6) көмегімен электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады. Алайда ажыратқышты (5) басқанда осы әрекетті орындау мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) алға жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) артқа жылжытыңыз.