Аккумуляторды алмастыру
Зарядтағаннан кейін жұмыс уақыты айтарлықтай қысқарған жағдайда, аккумуляторды алмастырыңыз.
Екі жақтан да қақпақты (8) басып, оны тартып шығарыңыз. Аккумуляторды (11) аккумулятор бөлімінен тартып шығарыңыз.
Жаңа аккумуляторды (11) аккумулятор бөліміне салып қойыңыз. Тек Bosch литий-иондық аккумуляторларын пайдаланыңыз.
Жаңа аккумуляторларды Bosch қосалқы бөлшегі ретінде www.boschtoolservice.com веб-сайтында сатып алуға болады.
Қақпақты (8) орнатыңыз. Қақпақ екі жақтан да бекітілгеніне көз жеткізіңіз.