Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Зауыттық реттеу бойынша 2 айналу жиілігінің деңгейі алдын ала реттелген.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау деңгейі | [мин-1] |
|---|---|
1 | 1700 |
2 | 2000 |
Айналу жиілігі деңгейлерінің көрсетілген мәндері пайдаланылатын аккумулятор түріне, аккумулятор зарядының деңгейіне және құрылғының жұмыс температурасына байланысты.
Айналу жиілігін реттеуге арналған (22) және (24) түймесі арқылы қажетті айналу жиілігін алдын ала таңдауға болады. Төмендегі кестеде ұсынылған мәндер берілген.
Материал | Қолданылуы | Алмалы-салмалы аспап | Айналу жиілігінің деңгейі |
|---|---|---|---|
Арматуралық темір | Кесу | Ара төсемі | 1/2 |
Жұмсақ болаттан жасалған бұрандалы соташықтар | Кесу | Ара төсемі | 1/2 |
Өнім максималды айналу жиілігіне жеткеннен кейін ғана кесуді бастаңыз. Егер қозғалтқышты іске қоспай тұрып ара төсемін өңдеетін бөлшекпен жанастырсаңыз, ара төсеміне шамадан тыс жүктеме түсіп, зақымданады, нәтижесінде бұқл ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Ең жоғары кесу жылдамдығы үшін 2-деңгейді таңдаңыз. Ұшқынның түзілуін азайту үшін 1-деңгейді таңдаңыз.