Ара төсемін бөлшектеу/монтаждау

Ара дискісін бөлшектеу (A суретін қараңыз)

  • 4 бұранданы (25) бірге жеткізілген алтықырлы бүйірлі кілтпен (11) босатыңыз.
  • Тіреуіш тақтаны (26) алып тастаңыз.
  • Шпиндельді бұғаттау түймесін (2) басып, ұстап тұрыңыз.
  • Алтықырлы бүйірлі кілтпен (11) қысқыш бұранданы (27) бұрап шығарыңыз.
  • Қысқыш фланец (28) пен ара төсемін (14) алып тастаңыз.

Ара төсемін монтаждау (B суретін қараңыз)

  • Ара төсемін (14) және барлық орнатылатын қыспа бөлшектерді тазалаңыз.
  • Ара төсемін (14) саптаңыз. Тістердің (ара төсеміндегі көрсеткі бағыты) және корпустағы айналу бағыты көрсеткісінің (1) кесу бағыты бірдей болуы керек. 3 центрлеуіш штифтінің (29) ара төсеміндегі саңылаулармен ілініскеніне назар аударыңыз.
  • Қысқыш фланецті (28) орнатып, қысқыш бұранданы (27) бұрап кіргізіңіз.
  • Шпиндельді бұғаттау түймесін (2) басып, ұстап тұрыңыз.
  • Алтықырлы бүйірлі кілтпен (11) қысқыш бұранданы (27) мықтап тартыңыз.
  • Тіреуіш тақтаны (26) саптаңыз және оны 4 бұрандамен (25) бұрап бекітіңіз.