Аккумулятор зарядталмай жатыр

Аккумулятор зарядталмайды және қызыл түсті температураны бақылау/қате индикаторы (2) қызыл түспен жыпылықтап тұр.
Себебі: зарядтағыш құрылғыда ішкі қате анықталды.
Шешімі: аккумулятордың толықтай салынғанына және желілік кабельдің зарядтағыш құрылғыға жалғанғанына көз жеткізіңіз. Желілік ашаны суырып, қайтадан салыңыз. Ақау қайтадан орын алса, зарядтағыш құрылғыны Bosch электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.
Себебі: аккумулятор тиісінше салынбаған
Шешімі: аккумуляторды зарядтау құрылғысына тиісінше салыңыз.
Себебі: аккумулятор мен зарядтағыш контактілер ластанған
Шешімі: зарядтағыш штекерді суырып алыңыз да, аккумулятор мен зарядтағыш контактілерді тазалаңыз (құрғақ).
Себебі: аккумулятор ақаулы
Шешімі: аккумуляторды ауыстрыңыз.

Аккумулятор зарядталмайды және индикаторы (2) үздіксіз жанып тұр.
Себебі: аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонынан тыс.
Шешімі: аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонына (0–45°C) қайтып оралғанша күтіңіз.